Жел болуы мүмкін

«Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қызылорда гидрометеорология орталығының хабарлауы бойынша 7-9 қарашада Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, 8-9 қарашада кей жерлерде жел солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Дабылды ескертудің ықтималдылығы 95-100 %. Осыған байланысты, Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздікті сақтау шараларына баса назар аударуын ескертеді.

7-11-2018, 16:52