Аналитикалық мәлімет

2017 жылғы қараша айында Қызылорда облысының аумағында анықталған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың даму тенденциялары туралы ақпарат (оқиғаларды есепке алғанда)

Қызылорда облысының аумағында 2017 жылға тіркелген табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар фактілерінің шолу-аналитикалық талдауы (оқиғаларды есепке алғанда)

2017 жылғы қазан айында Қызылорда облысының аумағында анықталған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың даму тенденциялары туралы ақпарат (оқиғаларды есепке алғанда)

2017 жылғы Қызылорда облысының аумағында анықталған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың даму тенденциялары туралы ақпарат (оқиғаларды есепке алғанда)

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 2017 жылғы шілде айындағы жедел қызметтік жұмысының аналитикалық мәліметтері (7 ай бойынша)

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 2017 жылғы қыркүйек айындағы жедел қызметтік жұмысының аналитикалық мәліметтері (9 ай бойынша)


2017 жылы Қызылорда облысы аумағындағы жергілікті атқарушы органдарының, департаменттің су тасқынынан және су басудан елді мекендер мен шаруашылық объектілерді қорғау бойынша атқарылған іс-шаралар талдауы


Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментімен облыс аумағындағы гидротехникалық құрылғылардың жағдайына үнемі мониторинг жүргізіліп отырады. Жергілікті атқарушы органдармен және су шаруашылығы ұйымдарымен бірігіп, гидротехникалық құрылғылардың техникалық жағдайына тексеру жұмыстары жүргізіліп, оларды нығайту бойынша шаралар жасалады.
Су қоймалары мен су шаруашылығының нысандарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында республикалық, жергілікті бюджеттерден бөлінген қаражаттарға қайта жаңғырту, күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
2016-2017 жылдардағы су тасқыны кезеңінде облыс әкімі Қ.Е. Көшербаевтың төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте облыс аумағындағы қалыптасқан жағдайға байланысты су тасқынын алдын алудың қосымша шаралары туралы мәселе қаралды.
2017 жылғы су тасқынының алдын алу жұмыстарын ұйымдастыруға 350,3 млн. теңгеге бюджеттік өтінім ұсынылды. Аталған қаржынының 4,8 млн. теңгесі қаптар сатып алуға, 10,0 млн.теңгесі қажет болған жағдайда мұз жару жұмыстарына жоспарланып отырса, 335,5 млн. теңгесі қорғаныс бөгеттерін қалпына келтіруге сұралып отыр.
Сондай-ақ, атап айту керек, төтенше жағдайдың алдын алу бағытында аудандар арасынан тек қана, Сырдария ауданы бойынша аудандық бюджеттің қаржысы есебінен 2015 жылы 7,5 млн. теңгеге 1,6 км қорғаныс бөгетіне жөндеу жұмыстары жүргізілсе, 2016 жылы 12,3 млн.теңгеге ұзындығы 0,354 км бөгет (перемычка) салынды.
Қызылорда қаласы мен аудандарда тасқын су кезеңінде халықты көшіруге арналған 82 эвакуациялық жинақтау және 96 қабылдау пункттері дайындыққа келтірілген.
Су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізуге облыстық авариялық-құтқару қызметтерінің құрамында 2097 адам, 841 дана техникасы бар 262 құрылымдарының күш-құралдары дайындыққа келтірілді. Сонымен қатар, ҚР ІІМ ТЖК аумақтық бөлімшелерінен 124 адам, 35 техника дайындыққа келтірілді.
Жалпы алғанда басқару органдары, ТЖ алдын алу мен жоюдың Қызылорда облысы бойынша аумақтық бөлімшелерімен халықты, нысандар мен аумақты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау мақсатында кешенді шаралар орындалуда.


Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің
2016 жылғы қыркүйек айындағы жедел қызметтік жұмысының
аналитикалық мәліметтері (9 ай бойынша)


Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар (оқиғаларды есепке алғанда).

2016 жылдың басынан бері Қызылорда облысының аумағында 507 табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай мен оқиғалар тіркелді, былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда өзгеріс жоқ (2015 ж.–507). Қаза болғандардың саны 3,6 % азайған (2016 ж.- 53, 2015 ж.-55 адам). Алайда, зардап шеккен адамдардың саны 12,1 % көбейген (2016 ж.-232, 2015 ж.- 207 адам). Зардап шеккендердің көбею себебі ағымдағы жылдың 5 сәуірінде Жаңақорған ауданында 36 адамның тамақтан бір мезгілде улануына байланысты. Материалдық шығын 25,4 (2015 ж.-11,6) млн. теңге құрады, 2,2 есе көбейген.

Оның ішінде 64 табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай тіркелді, былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 20 % азайған (2015 ж.–80). Қаза болғандардың саны 3,6 % азайған (2016 ж.- 53, 2015 ж.-55 адам). Алайда, зардап шеккен адамдардың саны 71,2 % көбейген (2016 ж.-113, 2015 ж.- 66 адам).

Техногендік сипаттағы оқиғалардың саны – 348 (2015 ж.-315), 10,5 % көбейген, 40 адам (2015 ж. -23) зардап шекті, 73,9 % көбейген, 21 адам (2015 ж. -13) қаза болды, 61,5 % көбейген. Материалдық шығын 25,4 (2015 ж.-11,6) млн. теңге құрады, 2,2 есе көбейген.

Оқиғалар кезінде 342 (2015 ж. - 312) өндірістік және тұрмыстағы өрттер мен жарылыстар тіркелген, 9,6 % көбейген, 18 адам (2015 ж.-17) зардап шекті, 5,9 % азайған, 7 адам (2015 ж.-6) қаза болды, 16,7 % көбейген .

Материалдық шығын 25,4 (2015 ж.-11,6) млн. теңге құрады, 2,2 есе көбейген. Оның ішінде, өрт кезіндегі материалдық шығын 25,4 (2015 ж.-11,6) млн. теңге құрады, 2,2 есе көбейген.

Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саны– 26 (2015 ж.-41), 36,6 % азайған, 40 (2015 ж. -23) адам зардап шекті, 42,5 % көбейген, 21 (2015 ж. -13) адам қаза болды, 38,1 % көбейген.

4 (2015 ж.-2) көлік авариясы мен оқиғасы, 2 есе көбейген, 14 адам зардап шекті (2015 ж. -2), 7 есе көбейген, 10 адам (2015 ж. -2) қаза болды, 5 есе көбейген, оның ішінде:

2 (2015 ж.-0) автомобиль жолдарында, 2 есе көбейген, 14 адам зардап шекті (2015 ж. -0), 14 есе көбейген, 10 адам (2015 ж. -0) қаза болды, 10 есе көбейген;

2 (2015 ж.-1) теміржолда, 2 есе көбейген, зардап шеккен адам жоқ (2015 ж. -1), 100 % азайған, қаза болған адам жоқ (2015 ж. -1), 100 % азайған.

20 (2015 ж. -35) өндірістік және тұрмыстағы өрттер мен жарылыстар тіркелген, 42,9 % азайған, 24 адам (2015 ж.-18) зардап шекті, 33,3 % көбейген, 9 адам (2015 ж.-9) қаза болды;

1 (2015 ж.-2) өндірістегі апат, 2 есе азайған, 2 адам зардап шекті (2015 ж. -1), 2 есе көбейген, 2 адам (2015 ж. -1) қаза болды, 2 есе көбейген;
1 (2015 ж.-2) тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінде апат тіркелді, 2 есе азайған, зардап шеккен адам жоқ (2015 ж.-2), 2 есе азайған, қаза болған адам жоқ (2015 ж.-1), 100 % азайған.

Табиғи сипаттағы оқиғалардың саны – 159 (2015 ж. -192), 17,2 % азайған, 192 (2015 ж. - 184) адам зардап шекті, 4,3 % көбейген, 32 (2015 ж. -42) адам қаза болды, 23,8 % азайған.

2 (2015 ж.-12) табиғи өрт, 6 есе азайған, оның ішінде орман өрттері тіркелмеген (2015 ж.-7), 7 есе азайған, зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.

125 (2015 ж.-143) қауіпті жұқпалы аурулар (бруцеллез, геморрагиялық қызба, риккетсиоз) және адам улану оқиғалары тіркелген, 12,6 % азайған, 160 адам зардап шекті (2015 ж.-143), 11,9 % көбейген, қаза болған адам жоқ (2015 ж.-1), 100 % азайған.

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар саны- 38 (2015 ж. -39), 2,6 % азайған, 73 адам зардап шекті (2015 ж. - 43), 41,1 % көбейген, 32 адам қаза болды (2015 ж. -42), 23,8 % азайған, оның ішінде:

1 (2015 ж.-0) метеорологиялық қауіпті құбылыс, 100 % көбейген, зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ;

6 (2015 ж.-2) қауіпті жұқпалы ауру (Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы) мен адам улануы тіркелген, 3 есе көбейген, 41 (2015 ж.-2) адам зардап шекті, 20,5 есе көбейген, қаза болған адам жоқ (2015 ж.-1), 100 % азайған;

1 (2015 ж.-0) ауыл шаруашылығы және басқа өсімдіктердің аурудан және зиянкестерден зақымдануы, 100 % көбейген, зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ;

суда зардап шегу оқиғасы 30 (2015 ж.-37), 18,9 % азайған, 32 (2015 ж.-41) адам зардап шеккен, 22 % азайған, 32 (2015 ж.-41) адам қаза болды, 22 % азайған.

Қызылорда облысының аумағында 2016 жылы тіркелген табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың талдауы (оқиғаларды есепке алғанда)

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 2016 жылғы негізгі жұмыс нәтижелері

Слайд модули, шаблоны DLE или фильмы онлайн hd и Автоматический обмен WebMoney и Приват24