Тікелей эфирде

Тікелей эфирде

2018 жыл 8 ақпанда Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері «Qyzylorda» облыстық телеарнасының «Жаңа күн» телебағдарламасында тікелей эфирге шығып, азаматтық қорғау саласының кәсіби оқуы, құтқарушылар қызметі жайында және өрт қауіпсіздігінің ережелері туралы айтты. Телебағдарламаға кадр жұмысы бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі М. Қобландиев пен Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының халықты оқыту және хабар беру тобының бас маманы азаматтық қорғау майоры А. Алдажарова қатысты.
Эфир барысында М.Қобландиев ҚР ІІМ ТЖК жоғары оқу орны - Көкшетау техникалық институтының мамандықтары, оқуға кандидаттарды іріктеу ережесі бойынша кеңінен таныстырып, институттың артықшылықтары жайында, курсанттардың оқуы, киім – кешекпен және тамақпен қамтамасыз етілуі республикалық бюджет есебінен жүргізетіні туралы айтып өтті. Сонымен қатар институтқа түсу тәртібі туралы толық ақпарат берді.
Бағдарламаның екінші тақырыбы Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелеріне жұмысқа орналасу жайында өрбіді, телекөрермендер Арал ауданында өрт сөндіру депосының жаңа ғимараты ашылғаны, бос лауазымдар мен жұмысқа орналасу тәртібі туралы кеңінен ақпарат алды.
Өз кезегінде А.Алдажарова өрт қауіпсіздігі ережесі және өрт шыққан кездегі алғашқы іс – әрекет туралы айтты. Бас маман тікелей эфирде телекөрермендерге өрт шыққан кезде өрт сөндіргіштерді қолдануды, «112» бірыңғай жедел қызмет нөміріне және «101» өрттен құтқару қызметіне қоңырау шалу қажеттігін еске салды.
Сонымен қатар А. Алдажарова автокөлік жүргізушілері үшін «Қауіпсіз көлік» акциясы, тұрғындар үшін тұрғын үй секторларда үгіт – насихат жұмыстары, сондай - ақ мектеп оқушылары үшін интерактивті сабақтар өтіп жатқанын атап өтті.
Бағдарлама соңында журналистер тұрғындарға және орта оқу орындарының түлектеріне Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің байланыс телефондары мен сенім телефондарының нөмірлерін қайталап атап өтті.

Қызылорда облысының
Төтенше жағдайлар департаменті

Тікелей эфирде
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Ваше имя: *
Ваш e-mail: *
Текст комментария:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз
Введите код: