«Үштұғырлы тіл» атты байқау

«Үштұғырлы тіл» атты байқау
Қазақстан Республикасы тілдерді дамыту және қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің мәжіліс залында қала және аудан өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлері арасында «Үштұғырлы тіл бәсекеге қабілетті» атты байқау өтті.
Байқауға Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының тілдерді оқыту орталығының оқытушысы А. Әбдібекова, Өрт сөндіру қызметінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Н. Ибрагимов, Қызылорда облысы ТЖД Мемлекеттік тіл және ақпарат тобының бас маманы Г. Мизанбаева және Өрт сөндіру кезекші қызметінің жедел кезекшісі азаматтық қорғау лейтенанты Б. Бижігіт, 2018 жылғы «Полиглот» байқауының жеңімпазы қазылар алқасы ретінде төрелік етті.
Байқауға 13 команда, әр өрт сөндіру бөлімнен 3 қызметкерден қатысты. Қазылар алқасы төрт кезеңнен ең мықты команданы анықтады: сәлемдесу, жазбаша тапсырма (латын графикасында мәтін жазу), шығармашылық конкурс және азаматтық қорғау саласындағы терминдер мемлекеттік тілден орыс және ағылшын тілдеріне аудару. Бұл байқау шет тілдерін үйрену табыстың және танудың кілті болып табылатынын тағы да дәлелдеді.
Байқау қорытындысы бойынша Қызылорда қаласы №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі І орынды жеңіп алса, Байқоңыр қаласы №13 өрт сөндіру бөлімі ІІ орынды, Арал ауданы №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі ІІІ орынды иеленді.
Байқауда қатысушылар дипломдарға, бағалы сыйлықтарға ие болды. Сонымен қатар қызметкерлер әр түрлі номинациялар бойынша марапатталды.


Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және
авариялық-құтқару жұмыстары қызметі ММ



«Үштұғырлы тіл» атты байқау
«Үштұғырлы тіл» атты байқау
«Үштұғырлы тіл» атты байқау
«Үштұғырлы тіл» атты байқау
«Үштұғырлы тіл» атты байқау
«Үштұғырлы тіл» атты байқау
«Үштұғырлы тіл» атты байқау
«Үштұғырлы тіл» атты байқау
«Үштұғырлы тіл» атты байқау
«Үштұғырлы тіл» атты байқау
«Үштұғырлы тіл» атты байқау
«Үштұғырлы тіл» атты байқау
«Үштұғырлы тіл» атты байқау
«Үштұғырлы тіл» атты байқау
«Үштұғырлы тіл» атты байқау
«Үштұғырлы тіл» атты байқау
«Үштұғырлы тіл» атты байқау
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Ваше имя: *
Ваш e-mail: *
Текст комментария:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз
Введите код: