«Денсаулық» поезды Қызылорда өңірінің елді-мекендерінде

«Денсаулық» поезды Қызылорда өңірінің елді-мекендерінде

«Қазақстан темір жолы» ҰҚ, Төтенше жағдайлар комитеті бірлесе отырып, жыл сайын «Саламатты Қазақстан мемлекеттік денсаулық сақтауды дамыту бағдарламасы» аясында еліміздің шалғай жатқан өңірлеріне медициналық қызмет көрсететін поезын жүргізуді қолға алып келеді.
Ағымдағы жылдың 24 қазанында 9 сағат 30 минутта Арал ауданы, Қызылтам елді мекеніне ҚР Ішкі істер министрлігінің №903-904 мамандандырылған «Денсаулық» поезды келіп тоқтады. Поезд басшысы – Сәпиева Ләззат Әлижанқызы болса, бас дәрігері – Жұмабаев Мұхтар Сұлтанбекұлы болды. «Денсаулық» поезды шалғайдағы станцияларда, разъездер мен олардың маңындағы ауыл тұрғындарына мамандандырылған тегін медициналық көмек көрсетуге арналған. Ол 24 қазанда Қызылорда өңірінің Қызылтам стансасында тұрғындарға медициналық көмек көрсетуді бастады. 11 күн ішінде медицина қызметкерлері бірқатар елді мекендердің тұрғындарына тегін білікті қызмет көрсететін болады. Олардың қызметін Қызылтам, Қаракеткен, Қараөзек, Бірқазан стансасының, Майлытоғай ауылының тұрғындары пайдаланды. Сауран станциясы соңғы аялдама.
Поезд барлық қажетті жабдықтармен жабдықталған. Поезда 13 дәрігер, 12 медбике, 3 медстатист, 1 медициналық құралдарды жабдықтау бойынша медициналық оператор-программист, 1 медициналық тіркеуші, 1 санитар, 12 жолсерік, 6 техникалық жұмысшы қызмет атқарады. Поездың медициналық топ құрамында: терапевт, педиатр, невропатолог, көз дәрігері, лор, гинеколог, хирург, уролог, УЗИ дәрігері эндоскопис, педиатр, рентгенші дәрігер, тіс дәрігерлері секілді бірінші және жоғарғы біліктілік санаттары бар мамандар бар.
Азаматтарды қабылдау күн сайын демалыссыз жүзеге асырылады. Бір ауысымда «Денсаулық» поездының әрбір дәрігері орта есеппен 300-ден қабылдады. Бүгінгі күні дәрігерлер қызметіне Облыстың 2000 тұрғыны жүгінген. Олардың барлығы қажетті тексеру курсынан, соның ішінде қан анализаторы арқылы өтті. 450 өтініш білдіруші УДЗ, ЭКГ, УЗДГ, ЭХО – ЭГ, ВГД тексерілді. Хирург төрт кіші ота жасады. Стоматологтардың білікті медициналық көмегін 200 адам алды. Статистика шалғай аудандардың, стансалар мен разъездердің тұрғындарына окулист-дәрігерлер, терапевтер, кардиологтар, невропатологтардың қызметтері қажет екендігін көрсетеді. Көпшілік «Денсаулық» поездының дәрігерлеріне алғыс білдіріп, осындай іс-шара жылына бір рет емес, одан да көбірек өткізілсе екен деген тілек білдірді.
Осы «Денсаулық» поездының мақсаты мен атқарып отырған жұмысы жөнінде «Теміржол ауруханасы» ЖШС-нің уролог - дәрігері – «Денсаулық» поездының директоры Мұхтар Сұлтанбекұлы Жұмабаев облыстық "Qyzylorda" телеарнасының тілшісіне сұхбат берді.
Айгүл Нұрманова,
Қызылорда облысы ТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобының бас маманы

ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Ваше имя: *
Ваш e-mail: *
Текст комментария:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз
Введите код: