Волейболдан турнир өтті

Волейболдан турнир өтті

Қызылорда қаласындағы спорт кешенінде облыстағы құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында полковник Ибадулла Түйменовті еске алуға арналған волейболдан дәстүрлі турнир өтті.
Турнирдің ашылу салтанаты барысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимні орындалды. Одан соң сөз сөйлеген Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Омар Бержанов: «Өркениет өріне құлаш ұрып отырған елімізде салауатты өмір салтын қалыптастыру басты мәселе. Әрбір қазақстандық, оның ішінде жастар осындай спорттың бұқаралығын насихаттайтын жарыстарға қатысу арқылы өздерінің денсаулықтарын шынықтырулары қажет» екенін айтып өтті.
Аталмыш жарысқа 7 команда қатысты. Атап айтқанда: Төтенше жағдайлар департаменті, Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті, Ішкі істер департаменті, Абылай хан атындағы колледжі, Желілік ішкі істер бөлімі, ішкі істер органдарының ардагерлері, облыстық прокуратура қызметкерлерінен құралған командалар бақ сынасты.
Жарыс барысында ала допты алақанда ойнатқан ойыншылар жеті топқа бөлініп, жеңіс кубогін сарапқа салды.
Дара шыққан Облыстық білім беру басқармасы командасы бірінші орынды еншіледі. Екінші орынды Ішкі істер департаментінің командасы қанжығысына байласа, үшінші орынды Төтенше жағдайлар департаменті ардагерлері командасы қанағат тұтты.
Жарыс қорытындысы бойынша командааралық және жекелей танылған жарыс жеңімпаздарына арнайы жүлделер табысталып, марапатталды.

Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және
авариялық-құтқару жұмыстары қызметі


Волейболдан турнир өтті
Волейболдан турнир өтті
Волейболдан турнир өтті
Волейболдан турнир өтті
Волейболдан турнир өтті
Волейболдан турнир өтті
Волейболдан турнир өтті
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Ваше имя: *
Ваш e-mail: *
Текст комментария:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз
Введите код: