Көкшетау техникалық институты жөнінде «Жаңа күн» бағдарламасында тікелей эфирде айтылды

Көкшетау техникалық институты жөнінде
«Жаңа күн» бағдарламасында тікелей эфирде айтылды

Ағымдағы жылдың 7 қарашасында ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтының Ақпараттық жүйелер және технологиялар жалпы техникалық пәндер кафедрасының аға оқытушысы азаматтық қорғау капитаны Шәріпов Рүстем Ахметханұлы мен Қызылорда облысы ТЖД Кадр жұмысы бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Қобландиев Марат Шамсудинұлы «Qyzylorda» телеарнасының «Жаңа күн» бағдарламасында тікелей эфирде сұхбат берді. Сұхбат кезінде ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтына оқуға түсу ережесі және Төтенше жағдайлар департаментіне жұмысқа тұру тәртібі мен қағидалары жөнінде әңгімеледі.
«Көкшетау техникалық институты "Өрт қауіпсіздігі" мамандығы бойынша жоғары білімді, жоғары моральдық және іскерлік қасиеттері бар, әртүрлі сипаттағы экстремалды жағдайларда міндеттерді шешуге қабілетті, Төтенше жағдайлар органдары мен бөлімшелерінде қызмет ету үшін жоғары білімді білікті офицерлерді дайындайтын жоғары оқу орны болып табылады. 2011 жылдан бастап "Төтенше жағдайларда қорғау" және "Азаматтық қорғаныстың командалық тактикалық күштері" атты екі жаңа мамандық енгізілді»,-деді Көкшетау техникалық институтының Ақпараттық жүйелер және технологиялар жалпы техникалық пәндер кафедрасының аға оқытушысы азаматтық қорғау капитаны Шәріпов Рүстем Ахметханұлы.
Бағдарлама соңында азаматтық қорғау саласының қызметкерлері облыс тұрғындарының тікелей эфирде қойған сұрақтарға жауап берді.

Айгүл Нұрманова,
Қызылорда облысы ТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы


Көкшетау техникалық институты жөнінде   «Жаңа күн» бағдарламасында тікелей эфирде айтылды
Көкшетау техникалық институты жөнінде   «Жаңа күн» бағдарламасында тікелей эфирде айтылды
Көкшетау техникалық институты жөнінде   «Жаңа күн» бағдарламасында тікелей эфирде айтылды
Көкшетау техникалық институты жөнінде   «Жаңа күн» бағдарламасында тікелей эфирде айтылды
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Ваше имя: *
Ваш e-mail: *
Текст комментария:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз
Введите код: