Өрттің алдын алу

Өрттің алдын алу
Өрттің негізгі шығу себептері - жанып тұрған отқа дұрыс бақылау жасамағандықтан, электр заттарын, газ құрылғыларын дұрыс пайдалана алмаудан және балалардың отпен ойнау қателіктерінен болатыны белгілі.
Қызылорда облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері өрттің шығу себептерінің алдын алу мақсатында барлық қала аймақтарына профилактикалық іс–шараларын жүргізді. Жылу беру маусымы кезеңінде азаматтық қорғау қызметкерлері өртке қарсы талаптарды сақтау жөнінде 9059 тұрғын үй секторын аралап, 47397 адамға үгіт-насихат жұмысын атқарды. Тұрғындармен 16 рет кездесу ұйымдастырылып, соның ішінде электр және газ баллон жабдықтарын, пешті және газ пешін орнату қолдану туралы өрт қауіпсіздік талаптарына назар аударылып, оған 261 адам қамтылды.
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ, от жаққан кезде мыналарға ЖОЛ БЕРУГЕ БОЛМАЙДЫ:
- пештің есігін ашық қалдыруға;
- отынды жағу үшін жеңіл тұтанатын заттарды қолдану (керосин, жанармай және т.б.);
- сызаттар мен тесіктері бар пешті пайдалануға;
- пешті жанбайтын материалдан жасалған пеш алдындағы бетсіз пайдалану (қажетті мөлшері 0,5х0,7 м);
- пеш жанында түрлі жанғыш материалдар жинап, пеш үстіне заттар кептіру;
- жанып жатқан пешті қараусыз қалдыру;
- пешты балалардың жағып, олардың қарауына қалдырмау;
- сөнбеген күлді үй жанына тастау;
Улы газбен уланып қалмас үшін мұқият болып және пештегі көмір толығымен жанып кеткенше құбырды жаппау қажет.
Құрметі азаматтар, егер де сіздер пешті қолдансаңыз пеш пен мұржаны үнемі тексеріп отырыңыздар! Бұл үйдегі пешпен қоса моншада, шаруашылық құрылылыстарындағы пештерге де қатысты. Жарамсыз болғандығын анықтап, кейінге қалдырмай жөндеу керек. Пешті жөндеген кезде кәсіби пешші-мамандарға қаратыңыздар! Өздеріңіз бен жақындарыңызды қорғаңыз, үйіңіздегі пеш тек жылулық пен қуаныш сыйласын!

З.Ахметова,
Қызылорда облысы ТЖД


Өрттің алдын алу
Өрттің алдын алу
Өрттің алдын алу
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Ваше имя: *
Ваш e-mail: *
Текст комментария:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз
Введите код: