Жазғы демалыс кезеңінде балалардың өрт қауіпсіздігін сақтауға үйрету маңызды

Жаз айларында балалар көп уақытын лагерь мен демалыс орындарында өткізеді. Олар демалысын қызықты өткізу үшін өрт қауіпсіздігі ережесін біліп, тұрмыста сақтық шараларын сақтау керек. 11 шілдеде Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті, Төтенше жағдайлар басқармасы, ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің №2 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері «Арай – Санрайз» лагері әкімшілігімен бірлесіп, тынығушы балаларға «Балалардың жазғы демалыс кезеңіндегі өрт қауіпсіздігін сақтау ережелері» атты ашық сабақ өткізді.

Жазғы демалыс кезеңінде балалардың өрт қауіпсіздігін сақтауға үйрету маңызды
17-07-2018, 11:42

2018 жылғы маусымның 22 мен 26 аралығында орын алған өрттер бойынша мәлімет

Атап айтқанда облыс көлемінде 5 өрт оқиғасы тіркелді.
2018 жылы 22 маусым күні 15 сағат 37 минутта Қызылорда қаласы, Қызылжарма ауылы, Н. Илиясов көшесі № 4 тұрғын үйдің (үй иесі 1962 ж.т. З. С. Әбдікаликова) ауласында жалпы көлемі 5 х 4 м. ағаш материалдары және қоршауы жанды. Өрттің көлемі – 20 ш.м. құрады.1 «Б» оқпаны берілді.
Қатыстырылған: ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ № 11 ӨСБ 4 қызметкер 1 бірлік өрт сөндіру автокөлік (АЦ-6-40 Камаз), 2қызметкер 1 штабтық автокөлік. Өрттің шығу себебі болжаммен ашық отты пайдалану.Өрттің оқшауланған уақыты15 сағат 47 минут. Өрттің жойылған уақыты15 сағат 52 минут.
28-06-2018, 21:56

Моншадағы өрт

Моншадағы өрт


2018 жылы 21 маусым күні 12 сағат 30 минутта Қызылорда қаласы, Есенберлин көшесі № 2 «А» тұрғын үйдің (үй иесі 1979 ж.т. Абилдаева Гүлсара) ауласында жалпы көлемі 10 х 3 м. моншасының көлемі, 2 х 3м. бу бөлмесі жанды және жуыну, киіну, әжетхана бөлмелерінің ішкі қаптамалары зақымдалған. Өрттің көлемі – 6 ш.м. құрады.
21-06-2018, 19:05

Тасбөгеттегі өрт

Тасбөгеттегі өрт

2018 жылы 21 маусым күні 03 сағат 27 минутта Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті, Ә.Молдағұлова көшесі №2, 2-қабатты тұрғын үйдің, №3 пәтерінің (үйдің иесі 1988 ж.т. Транин В.В.) көлемі 6х5 метр жатын бөлмесі мен қонақ бөлмесі, көрпе-төсектер, тұрмыстық жиһаздары мен көлемі 1х5 метр балконы толығымен жанған.
21-06-2018, 18:55

Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының 2018 жылғы 1-тоқсанда атқарған жұмыстарының баяндамасы

Есепті кезеңде өрт қауіпсіздігі саласы бойынша 232 нысан тексеріліп (2017 ж. - 202), 15% өсті, оның ішінде: ерекше тәртіп бойынша 160 нысан, жоспардан тыс 72 нысан (бақылау бағытында 70, прокуратура органдарының тапсырмасы бойынша 1, арыз бойынша 1 нысан) тексерілді. Тексерулер барысында 732 тармақты құрайтын өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзушылығы анықталды.
Өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзған 164 жеке және заңды тұлғаға қатысты әкімшілік іс қозғалып (2017 ж. - 84), 95% өсті, 649 мың 350 теңге айыппұл салынды (2017 ж.- 2 млн. 609 мың 350 теңге), 4 есе азайды.
Оның ішінде: 3 жеке тұлғаға 36 мың 075 теңге айыппұл салынып әкімшілік жауапкершілікке тартылды (2017 ж. – 14 тұлға 170 мың 175 теңге), 13 лауазымды тұлға 348 мың 725 теңге (2017 ж. – 43 тұлға 1 млн. 508 мың 885 теңге), 11 заңды тұлға 264 мың 550 теңге (2017 ж. – 16 тұлға 930 мың 290 теңге).
Жоспардан тыс - бақылау бағытында тексеру жұмыстарының қорытындысымен нұсқама талаптарын орындамағаны үшін мекеме басшыларына ҚР ӘҚБтК 462 бабы 3 тармағымен 3 хаттама толтырылып әкімшілік сотқа жолданды (2017 жылы - 3). Оның 1 хаттамасы қанағаттандырылып (2017 жылы - 0), 841 мың 750 теңге көлемінде ақшалай айыппұл салынды (2017 жылы – 0 теңге). 2 хаттама сотта қаралуда (2017 жылы - 1), қараусыз қалдырылған хаттама жоқ (2017 жылы - 2).
5-04-2018, 18:55

Өрт қауіпсіздігі 2017 жылғы І жартыжылдық бойынша

Департаменттің өрт қауіпсіздігі саласы бойынша есебінде тұрған нысандар саны 5 326, оның ішінде: жоғары тәуекел дәрежелі 1 142 нысан, жоғары тәуекел дәрежелі нысандарға жатқызылмағаны 4 184. Есепті кезеңде өрт қауіпсіздігі саласы бойынша 804 нысан тексеріліп (2016 ж. - 622), 29,3% өсті, оның ішінде: ерекше тәртіп бойынша 627 нысан, жоспардан тыс 177 нысан (бақылау бағытында 146, прокуратура органдарының тапсырмасы бойынша 27, арыз бойынша 4 нысан) тексерілді.
12-07-2017, 20:13

Өрттің алдын алу

Облыс көлемінде орналасқан жазғы тынығу лагерлері мен күндізгі тынығу лагерлерінің қызметкерлеріне өрттің алдын алу бағытында 35 мектептің 2325 оқушыларының қатысуымен «Балалардың өртпен ойнауынан туындайтын өрттер», «Өрт тілсіз жау», «Баланың отпен ойнауы», «Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі», «Мектептегі өрт кезінде іс-қимылдар», «Қауіпсіз балалық шақ», «Балаларда өрт қауіпсіздік ережелерін білуге тиіс», «Жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік шаралары», «Өрт қауіпсіздігі», «От баланың ойыны емес» және «Балаларды оттан қорғайық» тақырыптарында сабақ өткізілді және 1397 дана үнпарақтар таратылды.
12-07-2017, 20:12

Облыс бойынша 342 өрт оқиғасы орын алды (2015 ж. - 312 өрт), 9,6% өсті, материалдық шығын 25 млн. 372 мың 500 теңгені құрады (2015 ж. – 11 млн. 609 мың теңге), 2,2% өсті.

2016 жылдың 1-ші тоқсанының қорытындысы бойынша өрт саны 106 құрады (2015 жылы 72 өрт құрап, 47,2% өсті), 2-ші тоқсанының қорытындысы бойынша өрт саны 226 құрады (2015 жылы 196 өрт құрап, 15,3% өсті), 9 айдың қорытындысы бойынша 342 өрт (2015жылы 312 өрт, 9,6% өсті). Талдау көрсеткіші бойынша өрт оқиғасының төмендегені байқалады. Өрт оқиғаларын азайту мақсатында профилактикалық үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде, ағымды жылдың соңына дейін нәтиже шығуы тиіс.
12-07-2017, 20:12

Өрттің алдын алу

Облыс көлемінде орналасқан жазғы тынығу лагерлері мен күндізгі тынығу лагерлерінің қызметкерлеріне өрттің алдын алу бағытында 35 мектептің 2325 оқушыларының қатысуымен «Балалардың өртпен ойнауынан туындайтын өрттер», «Өрт тілсіз жау», «Баланың отпен ойнауы», «Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі», «Мектептегі өрт кезінде іс-қимылдар», «Қауіпсіз балалық шақ», «Балалар да өрт қауіпсіздік ережелерін білуге тиіс», «Жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік шаралары», «Өрт қауіпсіздігі», «От баланың ойыны емес» және «Балаларды оттан қорғайық» тақырыптарында сабақ өткізілді және 1397 дана үнпарақтар таратылды.
12-07-2017, 20:11