ТЖД тарихы

ҚР ІІМ ТЖК Қызылорда облысы ТЖД тарихының алатын орны еліміз үшін маңызды. Бұл мықты мемлектетік құрылым облыстық Азаматтық қорғаныс штабы негізінде құрылған. Аймақтың барлық құтқару құрылымдарының басын қосады. Департамент құрамында Мемлекеттік өрт бақылау және өндірістік қауіпсіздік басқармасы, Төтенше жағдайларға ден қою басқармасы, Өндірістік қауіпсіздікті бақылау және қадағалау басқармасы, Өрт қауіпсіздігі және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі , Оңтүстік іөңірлік аэромобильдік жедел құтқару жасағы болды.
Ең ірі құрылымдық бөлімше «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары» мемлекеттік мекемесі.
Сонау 1921 жылы Арал қаласында бірінші өрт сөндіру тобы ашылған болатын. Оның міндеті социалистік меншік пен азаматтардың мүлкін өрттен қорғау болды. Топта сегіз атқа 300-350 литр шамасында су құйылған бөшкелер жегілді. 1933 жылы топ қалалық өрт сөндіру командасына айналды. Онда 47 адам жұмыс істеді. Өртке қарсы құрылымына «Селенж» қол насосы да қосылды. Өрт сөндіру жұмысы оңайлана бастады. Сол уақытта команда абстығы болып Мефодий Иванович Жуков қызмет атқарды.
В Қызылордада өрт сөндіру депосы 1926 жылы іргетасын көтерді. Сол жылдары техникалық жарақтандырылуы да жақсара бастады. Өрт сөндірушілерге тек жұмыс істеу ғана қалды. Қазіргі күні өрт сөндіру саласында жүздена стам өрт сөндіру көліктері бар. Әрбір мекеме мен ведомстваның өз тарихы болады. Өрт сөндіру саласының тарихы әр түрлі сөндірілген өрттер мен төтенше жағдайлардан тұрады. Және оның бәрі кейде сәтті аяқтала бермейді... модули, шаблоны DLE или фильмы онлайн hd и Автоматический обмен WebMoney и Приват24