Сағынбек:

Сағынбек:
Военный билет және высший «строитель» дипломмен жұмысқа кіруге бола ма, кандай «должностьтар» бар кімнен сұрауға болады?

27.05.2018. 12.45.

Жауабы:
Сіздің жұмысқа орналасу туралы жазған сауалыңыз бойынша төмендегідей жауап беріледі. Мынадай талаптарға сәйкес келген жағдайда, Сіздің жұмысқа тұруға мүмкіндігіңіз болады:
1. Ішкі істер органдарына жұмысқа қабылдау конкурстық негізде жүзеге асырылады;
2. Аумақтық бөліністерде конкурс өткізу туралы хабарландыру ішкі істер органдарының интернет-ресурстарында орналастырылады, сондай-ақ тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында таралатын мерзімді басылымдарда жарияланады. Бұдан әрі ІІО кадр қызметіне қажетті құжаттарды тапсыру қажет (толық ақпаратты «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының конкурстық негізде орналасатын лауазымдар тізбесін, Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарына қызметке орналасу кезінде конкурс пен тағылымдама өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 31 тамыздағы №870 бұйрығынан алуыңызға болады. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 6 қазанда №14305 болып тіркелді.);
3. «Ішкі істер органдарында кадрлық жоспарлауды ескере отырып, кадрларға қажеттілікті қанағаттандыру үшін мамандықтар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2015 жылғы 19 қарашадағы №941 бұйрығына сәйкес, Сіздің жоғары біліміңіз («құрылыс») Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментіндегі бірқатар лауазымдарға сәйкес келеді;
4. Қызметке жарамдылығын тексеру үшін әскери-дәрігерлік комиссиядан өтуі;
5. Соттылығы болмауы;
6. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жергілікті департаменттерінің тексеру нәтижесі бойынша мемлекеттік қызметке орналасуға кедергі келтіретін мәліметтердің болмауы;
7. Дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативті тапсыру.
Басқа да сұрақтарыңыз болған жағдайда Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Кадр жұмысы бөліміне (тел.700326,551075) хабарласуыңызға болады.
Қызылорда облысы Төтенше
жағдайлар департаментінің
Кадр жұмысы бөлімі
29.05.2018. 10.55.
КОММЕНТАРИИ
3
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Ваше имя: *
Ваш e-mail: *
Текст комментария:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз
Введите код: